18.09.2023 04:07 Қазақстан Гонконгқа сиыр, шошқа, құс етін жеткізуді көздеп отыр Бұл туралы Қазақстанның Cауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Гонконгқа сапары аясында Гонконгтың Коммерция және экономикалық даму хатшысы Алджернон Яумен кездесуінен мәлім болды,деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме джасап.
18.09.2023 03:42 «Қазақстанда жасалған» тауарлар тізілімін қалыптастыру бойынша пилоттық жоба басталды «Е-КТРМ» техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі шеңберінде «Қазақстанда жасалған» тауарлар Тізілімін қалыптастыру және жүргізу бойынша функционал құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18.09.2023 03:11 Қазақстандық ет шетелде сұранысқа ие Қазақстандық ет шетелде де сұранысқа ие болып отыр. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерден белгілі болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18.09.2023 00:32 АҚШ компаниясы елімізде 240 локоматив құрастыруды жоспарлап отыр Бұл мәліметтерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа мемлекеттік сапары аясында АҚШ-тың Wabtec және Citigroup компанияларының жетекшілерімен өткізген кездесуінен соң «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17.09.2023 23:46 Елімізде жылқы, қой мен мүйізді ірі қараның саны өскен Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларының саны өсіп келеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.09.2023 01:31 Биылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады 2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сілтеме жасап.
17.09.2023 01:00 Қазақстанда қанша көлік бар Қазақстанда қанша көлік саны 5 млн межесінен асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық стаститика бюросына сілтеме жасап.
16.09.2023 22:30 Қазақстандағы локализация: Проблемалары мен болашағы Өкінішке қарай, Қазақстан 30 жылдық тәуелсіз дамудан кейін көбіне табиғи ресурстарды экспорттаумен айналысатын ел болып қала берді. Экономиканың нақты, өндірістік секторын дамыту мақсатында шикізат кірістерін пайдалану жөніндегі барлық декларациялар мен жоспарларға, сондай-ақ осы ұрандарға жұмсалған миллиардтаған долларларға қарамастан, біздің елімізде өндірісті оқшаулау және импортты алмастыру деңгейі төмен болып қалуда.
16.09.2023 14:51 7429 ауыл тұрғынына кәсіпкерлікті дамыту үшін 2,5%-бен шағын несие берілді Үкімет Президенттің ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бұл мақсатта «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылып отыр, оның шеңберінде ауыл тұрғындарына жылдық 2,5%-бен 5-7 жыл мерзімге шағын несие беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16.09.2023 13:47 Президент Үкіметке астық өндіретін фермерлерге көмек көрсетуді тапсырды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке солтүстік өңірлердегі астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
15.09.2023 17:34 Жаңа автомобильдер рекорды: тамызда 18 мыңнан аса техника өтті «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша жаздың соңғы айында елде 17 200 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық техника, 1031 жүк көлігі мен автобус сатылған, бұл былтырғы тамызбен салыстырғанда 59,5% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.09.2023 16:11 Теңізшевройл, NCOC, KPO компаниялары Қазақстан нарығына газды қаншадан сатады Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кеніштерін игеріп жатқан мұнай-газ алпауыттары газды ішкі нарыққа қолжетімді бағамен беру керектігін айтқан болатын. Энергетика министрлігі «ҚазАқпаратқа» осы тапсырманың қалай іске асып жатқаны туралы мәлімет ұсынды.
15.09.2023 16:00 Энергетика министрлігі АЭС салу жөніндегі референдумға қалай дайындалып жатыр Энергетика министрлігі АЭС салу мәселесі жөнінде өтетін референдумның аспектілерін пысықтауға кірісті. Вице-министр Әлібек Жамауов редакция сауалына жолдаған жауабында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.09.2023 14:30 «Көкшетау-Омбы» республикалық күре жолын жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды Ақмола облысында А-13 «Көкшетау-Омбы» республикалық күре жолы жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазавтожол» мекемесіне сілтеме жасап.
15.09.2023 13:52 Банкаралық есеп айырысу орталығы Ұлттық төлем корпорациясы болып өзгерді «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК (ҚБЕО) қайта құру жолымен Ұлттық төлем корпорациясы болып қайта құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Ұлттық Банкі сайтына сілтеме жасап.
15.09.2023 11:50 Жол мәселесі: Көлік жолдарының жағдайы мен жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Бұл Жолдауда ол автокөлік жолдарының құрылысы мен сапасына қатысты сөз қозғады. Оның айтуынша, тиісті жұмыстар уақтылы әрі сапалы жасалмай отыр. Осы тұста мемлекет басшысы жыл соңына дейін нақты шаралар қабылданып, міндетін адал атқара алмаған компаниялар заң бойынша жауапқа тартылатынын баса айтты. Елдегі автожолдардың жағдайы қалай? Сала мамандары мемлекет басшысының күдігін жою үшін қандай жұмыс атқарып жатыр? Бұл туралы толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалында.
15.09.2023 09:57 Алматыда Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді 16-17 қыркүйекте мегаполисте Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.09.2023 09:20 Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 15 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.09.2023 02:16 Абай облысында малға жем-шөп дайындау жұмысының қарқыны қандай Абай облысында төрт түлікке дәнді дақылдың 143,8 мың гектар алқабы жиналып, 48,8 мың тонна пішен дайындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.09.2023 22:06 Семей жылыту маусымына дайын емес, бір қазандықта жағдай әлі күрделі Семей қаласындағы Ғаббасов қазандығы әлі күнге дейін жылыту маусымына дайын болмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.